Филиалды таңдаңыз:
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ
КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ
Құрметті сайт пайдаланушылары!
Ресми сайттың бұл сервисі азаматтар тарапынан БЖЗҚ-ға өтініш жасауға арналған қосымша құрал. Сіз осы қызметтің көмегімен жеке өзіңіз немесе топ болып Қор басшылығына жинақтаушы зейнетақы жүйесі, сондай-ақ БЖЗҚ жұмысына қатысты тікелей сұрақ қоя аласыз.
Сұрақ қою үшін «Қоғамдық қабылдауға жазылу» немесе «Жеке қабылдауға жазылу» жолын таңдап, қысқаша сауалнаманы толтыру қажет. Осы қарапайым әрекеттерді жасаған соң, сауал тиісті бөлімшеге өңдеуге жіберіледі және оған заңнамада көрсетілген мерзім аясында жауап қайтарылады.
Азаматтарды топтық қабылдауға өтінімдер әр айдың 20 жұлдызына дейін топтастырылады. Өтінімдер тақырыбы бойынша тиісті топтар құрылады, ал жауаптар (қабылдауды өткізу уақыты мен орны қоса беріледі) айдың 25 жұлдызына дейін қайтарылады. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша жауап өтінім қабылданған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде беріледі. Айта кетелік, демалыс және мереке күндері келіп түскен өтінімдер келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күні тіркеледі.
Қоғамдық қабылдау азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдануын ұйымдастыру, оларға тікелей Қор басшылығына өтініш білдіру мүмкіндігін беру мақсатында құрылған.
Мақсаты мен міндеттері:
Қоғамдық қабылдау құру мақсаттары:
- Қор басшылығының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының салымшылармен және алушылармен тұрақты және тікелей тілдесу жүйесін жетілдіру;
- Қор қызметіне байланысты анағұрлым өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша шұғыл шараларды қабылдауға көмек беру.
- азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен өтініштерді қарау;
- азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен арыздар мен өтініштер бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұйымдастыру;
- азаматтарға қолданыстағы зейнетақы заңнамасын түсіндіру, туындаған сауалдар мен мәселелер бойынша кеңес беру;
- азаматтардың бұрын Қорға жіберген өтініштерінің жедел қаралуына көмектесу;
- азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабарлау;
- Қоғамдық қабылдаудың жұмысын Қордың ресми интернет сайтында жариялау.
ӨТКІЗУ ОРНЫ: Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-2 шағын ауданы, №97 үй.
Сіздің сұрағыңызға толыққанды жауап дайындау үшін сауалнаманы/өтінішті міндетті түрде толтыруыңызды сұраймыз.