Филиалды таңдаңыз:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) әлеуметтік жауапты ұйым ретінде экономикаға, экологияға және қоғамға ықпалының маңызды екенін түсінеді, мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңде өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
БЖЗҚ тұрақты дамуы өз қызметін жүзеге асыру кезінде БЖЗҚ басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелердің жиынтығын қамтиды.
Тұрақты даму саласындағы қағидаттар
БЖЗҚ – тұрақты даму бағыты бойынша өз қызметінің аясында төмендегі қағидаттарды басшылыққа алатын әлеуметтік жауапты ұйым:
➤ заңдылық
➤ тиісті жауапкершілік деңгейі
➤ өкілеттіктердің аражігін ажырату
➤ есеп беру
➤ тиімділік
➤ барлық мүдделі тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу
➤ ақпарат ашудың ашықтығы мен объективтілігі
➤ іскерлік әдеп
➤ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
➤ мүдделер дауына жол бермеу
➤ және Корпоративтік басқару кодексінде және БЖЗҚ-ның басқа ішкі құжаттарында бекітілген басқа қағидаттар.
БЖЗҚ-да тұрақты даму үш бөліктен тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік.
БЖЗҚ тұрақты дамуының экономикалық бөлігі мынадай мақсаттарды қамтиды:
1) зейнетақы жинақтарын сенімді есепке алу;
2) Жалғыз акционердің мүддесін қамтамасыз ету;
3) үдерістердің тиімділігін арттыру;
4) неғұрлым жетілген технологиялар құруға және дамытуға инвестициялардың өсуі;
5) еңбек өнімділігін арттыру.
БЖЗҚ тұрақты дамуының экологиялық бөлігі мынадай мақсаттарды қамтиды:
1) шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану, экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдану;
2) үдерістерді автоматтандыру, қағаз құжат айналымын төмендету, кездесулер, кеңестер, оқыту және басқа да ішкі коммуникациялар өткізу үшін электрондық байланыс арналарын көбірек пайдалану.
1) әрбір салымшыға қолжетімді сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету (клиенттермен жұмыстағы дербестендірілген тәсіл, инклюзивтілік);
2) жұмысқа қабылдау кезінде ашық конкурстық рәсімдерді және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, әділ сыйақы және қызметкерлердің құқықтарын құрметтеу;
3) еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау;
4) қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту;
5) қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
6) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға БЖЗҚ қызметтерінің қолжетімділігін дамытуды қамтамасыз ету.
БЖЗҚ өз қызметінің ерекшелігіне орай Қордың миссиясына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүргізілген сараптау негізінде БЖЗҚ қол жеткізуге өз үлесін қоса алатын Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуының мынадай басым мақсаттарын (ТДМ) айқындады:
ТМД 3 |
Жақсы денсаулық және әл-ауқат |
ТМД 4 |
Сапалы білім |
ТМД 5 |
Гендерлік теңдік |
ТМД 8 |
Лайықты жұмыс және экономикалық өсу |
ТМД 9 |
Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым |
ТМД 10 |
Теңсіздікті азайту |
ТМД 12 |
Жауапты тұтыну |
ТМД 16 |
Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар |